29 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/492

333 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2014 жылғы 31 қазан,  Астана қаласы «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 48) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ бюджет қаражаттарын пайдалану мәселесін реттеу мақсатында бұйырамын: 1.«Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген, 2013 жылы 19 мауысымдағы № 151 (28090) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10.Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шетелге жол жүрген кезде, Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органның бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлғаның жазбаша өтініші мен арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушымен қол қойылған көрсетілген қызметтер актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп айырысу шотына қаражат аудару арқылы арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді төлейді.». 2.Материалдық – техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3.Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Министр Е.ЫДЫРЫСОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ______________ Б.СҰЛТАНОВ. 2014 жылғы 4 қараша «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы ______________ Қ.КЕЛІМБЕТОВ. 2014 жылғы 13 қараша Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9975 болып енгізілді.